Жолда қабылдау акциясы

Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету және карьерлік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылауға негізделген Жол картасын жүзеге асыру мәселелері бойынша Жолда қабылдау акциясының

ХАТТАМАСЫ

Төрағалық етті: Петралиев Х.Т. – Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы міндетін атқарушы.

Қатысқандар: Оразымбетов Р.Б. – Әкімшілік полиция бөлімінің мемлекеттік инспекторы полиция капитаны; Ботабаев А. – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы; Байсалбаев О. – Жетісу көлік прокуратурасының аға прокуроры; Д.Төрегельдин – Алматы қаласы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлік Палатасының эксперті; Алматы қаласының жүк тасымалдаушылары.

Күн тәртібі:

«Автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету және карьерлік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылауға негізделген Жол картасын жүзеге асыру мәселелері»

Алматы қаласының жүк тасымалдаушыларынын келіп түскен ұсыныстар есепке алынып барлық сұрақтар бойынша кеңес насихаттар берілді.

Жолда қабылдау акциясына келесідей сұрақ-ұсыныстар түсті:

Жүк тасымалдаушыдан сұрақ: Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері асқан жағдайда арнайы рұқсатты алу мерзімін бір күнге немесе оданда аз уақытқа қысқарту жолдары қарастырылудама?

Жауап: Автокөлік құралдарының жол берілетін габариттік параметрлері асқан жағдайда арнайы рұқсатты «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен келісе отырып беріледі, себебі жолдан өткен барлық электр, су және т.б. желілер ескерілуі тиіс. Сонымен қатар қазіргі таңда аталған арнайы рұқсатты беру мерзімін қысқарту заңшығару органдарында қарастырылуда.

Жүк тасымалдаушыдан сұрақ: – Тауар-көлік күкқұжаты не үшін қажет, бізге жүк жолдаушы оны кейде бермейді?

Жауап: Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасының 20 тармағына сәйкес автокөлік құралының жолдама парақтары алғашқы есептің негізгі құжаттары болып табылады, олар тауар-көлік жүкқұжатымен немесе өлшеу (таразыға тарту) актісімен бірге автокөлік құралының жұмысын есептеуге, жүктерді тасымалдау үшін есеп айырысуды жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ жүктің маршрутын, мөлшерін және басқа көрсеткіштерді белгілейді.

Жүк тасымалдаушыдан сұрақ: – Көліктік бақылау инспекциясының арнайы көліктік бақылау авто көлігі жеке меншік аумағына кіріп тексеруге құқығы барма?

Жауап: Көліктік бақылау инспекциясының арнайы көліктік бақылау авто көлігі жеке меншік аумағына кіріуге құқығы жоқ.

Жүк тасымалдаушыдан сұрақ: – Көліктік бақылау инспекциясының арнайы көліктік бақылау авто көлігі жол жүру ережесін бұзған жағдайда қандай жауапкершілікке тартылады?

Жауап: Арнайы автокөліктік бақылау көлігінің жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптары бойынша жауапкершілікке тартылады.

Жүк тасымалдаушыдан сұрақ: – Техникалық құжаттар негізінде карьерлік өзі аударғыш авто көліктердің салмағы 25 тоннадан асқатындығы көрсетіген жағдайда жалпы жолмен пайдалану кай заңмен тиым салынған.

Жауап: Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығының 308 тармағы негізінде, рұқсат етiлген ең көп массасы автокөлiк құралының жол берілетін жалпы массасынан асатын өзi аударғышпен жүктердi №342 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары арқылы автомобильмен тасымалдауларға жол берiлмейдi.

Қорытынды: Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы міндетін атқарушы Х.Т. Петралиев өз сөзінде Жолда қабылдау акциясының негізгі мақсаты – карьерлік автокөліктер қозғалысына бақылау жасау және жол картасының талаптарын орындау бойынша, жүргізушілердің құқықтары, көліктік бақылауды өткізу тәртібі, ҚР көліктік заңнамасын бұзғаны үшін тасымалдау процессіне қатысушыларға қарастырылған жауапкершіліктері мен міндеттерін түсіндіру және тасымалдаушылармен сұхбаттасу болып табылады.

           Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығының, сондай-ақ, Инспекция қызметкерлерінің жұмысын реттеуге бағытталған басқа да заңнама талаптарына түсіндіру жұмыстары туралы сұхбаттар жүргізу деп Жолда қабылдау акциясын қорытындады.

          Акция барысында – Көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар тарапынан жиі орын алатын кең таралған құқық бұзушылық түрлері бойынша ақпараттық стендтер орнатылып, сондай-ақ, аталған мәселені қамтитын буклеттер таратылды.

          Қосымша: Жолда қабылдау акциясының фото кестесі.

Алматы қаласы бойынша

көліктік бақылау инспекция

басшысының м.а.                                                                            Петралиев Х.Т.

Хатшы:

Пост опубликован: 24 мая 2019