Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу


«Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу» атты семинар-кеңесінің кезекті отырысы

2019 жылғы 24 мамырда «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ Инспекция басшысының м.а. Петралиев Хамитбек Тағайбекұлының басшылығымен және Жетісу көлік прокуратурасының прокуроры Байсалбеков Олжас Бауыржанұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ботабаев Азамат Маратұлы, «Нұр-Отан» партиясы Ауэзов аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағасы Балғымбаев Саят Сергейұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесу» атты семинар-кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Темір жол және су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы (Тапалов Рахметолла Біләлұлының баяндамасынан үзінді).

2018-2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру жоспары бойынша, Инспекциямен 12семинарлар өткізілді. 2019 жылдың басынан бері Инспекция мамандарыменсыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 3 сабақ өткізілді.

Сонымен бірге, мамандар мен тасымалдаушылар арасында қарым-қатынас болдырмау мақсатында қабылдау бөлімінде кеңесші орналастырып, туындап жатқан мәселелер бойынша кеңес беруде.  

Жеке және заңды тұлғаларды бейне таспа орнатылып жабдықталған бөлмеде қабылдау жүргізіледі және барлық рәсімделеген әкімшілік құқық бұзушылық істер, қаулылар қаралуда.

Іс-шара  жоспары  аясында   Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ,  «Нұр Отан» партиясы,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әкімшілік полиция басқармасы және БАҚ өкілдерінің  қатысуымен «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілді. Аталған іс-шара барысында 17 тасымалдаушыға көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің жұмысын реттеу жөніндегі заңнама талаптары түсіндірілді. Осындай акция ағымдағы жылдың 22 мамырында өткізіліп, іс-шара барысында 120-дан астам тасымалдаушы қатысты.

Сонымен бірге, автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі 90% пайызға білікті, білімді мамандармен толықтырылды.

          Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы (Ботабаев Азамат Маратұлының баяндамасынан үзінді)

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес және де жол картасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша Алматы қаласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру, ашықтығы мен есептілігін, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, соның ішінде тұрмыстық қатынастар саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру.

          Ел Басының Қазақстан халқына жолдауындағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, кірістерін арттыру мен өмір сүру сапасын жақсарту” іске асыру шеңберінде 2018 жылғы желтоқсанынан бастап Алматы қаласында «Алматы-адалдық алаңы» атты жобасы жүзеге асырылуда.

Негізгі офистік жоба іс-әрекетінің мазмұны сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ ықпалға қол жеткізу үшін, үш негізгі міндеттерді: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, мемлекеттік органдарда қоғамдық бақылауды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, халықтың негізделген құқықтық білімдері мен сенімдерін қалыптастыру.

Әрбір мектепте “ата-аналар қонақ үйі”-кабинеті жобасы ресімделіп, іске қосылған, мұнда мұғалімдер мен балалардың белсенді және тиімді өзара іс-қимыл, жеке сұхбат жасауға және де әлеуметтік-педагогикалық оқыту үшін барлық қолайлы жағдай жасалған, Алматы метросының “Алмалы”, “Абай” стансаларында кедергісіз жүйесі өзіне-өзі қызмет көрсету үшін “Адал жол”, “Цифрлық колледжі”, “Адалдық дүкені”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаттау: жаңа стиль”, “Учаскелік инспектор: жаңа имиджі”, “Дәріхана роботы” атты жобалар іске асырылуда.

Қазіргі уақытта “Электрондық әлеуметтік сертификат”-“Көмек”-жаңа форматта, мүмкіншілігі шектеулі жандарға әлеуметтік қолдау көрсету жобасы қарастырылуда”.

Осы аталған жобаларды танымал ету үшін және нәтижелерінің негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Ағымдағы жылы қалалық БАҚ-та 70-тен астам тақырыптық материалдар жарияланды (баспа басылымдарында, Алматы телеарнасында, соның ішінде 21 жоба «Алматы-адалдық алаңы» бойынша).

«Нұр-Отан» партиясы Ауэзов аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің төрағасы (Балғымбаев Саят Сергейұлының баяндамасынан үзінді)

“Нұр-Отан” партиясы халық пен атқарушы билік арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынын және де үлкен қоғамдық жұмыстар жүргізетінін айтты. Біздің негізгі міндет тұрақты түрде жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мүмкіндігінше күшейтіп, сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту.

          Мектептердегі және де құқық қорғау органдарына жазылған шағымдар бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын жеткізді, ал кейбір шағымдар Нацбюроға жіберілгенін алға тартты. Алматы қ. әскери комиссариаттарында сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне талдау жасалғанын айтып өтті.

Сондай-ақ, өз кезегінде мемлекеттік қызметшілерге халықтан сыйлықтар алуға үзілді-кесілді тыйым салынатынын ескертті, екі АЕК-тен асатын сыйлықтың мөлшері қылмыс болып табылатынын жеткізді. Мемлекет басшысының талаптары халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, ал мемлекеттік қызметшілер халық үшін жұмыс атқару керектігін алға тартты.

Пост опубликован: 29 мая 2019