Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Басшы м.а. А.Ертурин – 2021 жылғы 9 ақпанда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Султан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшы міндетін атқарушы және «Көлік комитетінің» бас сарапшысы жұмыс уақытында пара алумен ұсталғандығы туралы ақпарат келгендігін айтты.
Осыған орай, «Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің» мамандарына және де жалпы инспекция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитін қалыптастыруды түсіндірілді. Яғни, жоғарыда айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермей, жүктелген міндеттерді адал атқару қажеттігі айтылып, этикалық-нормалары түсіндіріліп өтті. Мемлекеттік қызметті алушылардан кез- келген өтініш, сұраулар келіп түскен жағдайда, егер сұрау инспекцияның құзырында болмасада ресми түрде хат жүзінде жауап қайтаруы керектігін айтып өтті.

Пост опубликован: 17 февраля 2021