“Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінің” жаңа функциялары туралы, ZOOM бейне байланыс арқылы өткізді.

2023 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті “Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінің” жаңа функциялары туралы, яғни әкімшілік материалдарды электронды түрде сотқа жолдау туралы оқыту семинарын  Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының алаңында ZOOM бейне байланыс арқылы өткізді. Семинарға Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері, “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ-нің бас мамандары Г.А. Жұматаев, У.Е. Есполат, М.А. Түлкпаева, З. Түгенбаева, Алматы қаласы авиациялық прокуратурасының инспекторы Г.А. Серікқазы, Алматы қаласы Әуежайының Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ш.А. Қадыров, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасының бастығы Б.Исаев қатысты.

Пост опубликован: 17 мая 2023