«Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында семинар өткізілді

 

«Жем4179-6-nazarbaev_prigrozil_kaz_ruқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті
нің Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде Жетісу көлік прокуратурасының мамандарымен  қатысуымен  «Жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында семинар өтті.

Инспекция басшысының орынбасары Р. Сейталин бұл жиын қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес шараларына арналып отырғанын,  бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін еместігін, әрбір азаматтың бұл дертпен күреске ат салысу керектігін айтты.

Инспекция мамандарының жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Инспекцияда 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жоспары бойынша  «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты семинар жоспарланғанын және құқықтық түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында Жетісу көлік прокуратурасының аға прокуроры А. Абдрахмановпен таныстырып,  сөз берді.

Жетісу көлік прокуратурасының аға прокуроры А. Абдрахманов сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүгінгі дамыған еліміздің күрмеуі көп мәселесі. Осы бір кеселмен тек Қазақстан ғана емес, бүкіл алпауыт әлем елдері күрес жүргізіп отырғанын және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу тек құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалардың мойынына артылған жүк емес екенін атап айтты. Сондықтан, әрбір азамат еліміздің экономикалық өсуі, саяси дамуы үшін «жұмылған жұдырықтай» аталған дертпен күресуі қажет. Осы орайда, заң бойынша сыбайлас жемқорлықты ашуға көмектескен адам мемлекет қарауында болып, қызметте көтермелетінін ұмытпағанымыз жөн, – дей келе бұл тарапта, қазіргі таңда құқық қорғау органдарымен көптеген іс-шаралар атқарылып отырғанын айта келе, мысалдар келтірді.

Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға мамандармен заң шеңберінде түсіндірме жауаптар қайтарылды.

Инспекция басшысының орынбасары Р. Сейталин: сыбайлас жемқорлық – заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу тек құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалардың мойынына артылған жүк емес. Сондықтан, әрбір азамат еліміздің экономикалық өсуі, саяси дамуы үшін аталған дертпен күресуі қажет,  – деп өз сөзін қорытындылады.

Пост опубликован: 5 июля 2016