Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік міндет

 

2016 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық филиалының  өкілдерінің  қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік міндет» атты семинар өткізілді.

 

2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жоспарына сәйкес өткізілген семинардың мақсаты Инспекция мамандарының жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.

 

Семинар сабақта сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдары талқыланды.

 

Инспекция басшысының орынбасары Х. Петралиев Инспекция бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі  атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

 

«Нұр Отан» партиясының  Алматы қаласы Әуезов аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Г. Чукумов  атқарылып отырған жұмыстарға, партиялық бағдарламалар мен мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып өтті, осы бағдарламалардың іске асуы тікелей мемлекеттік қыметшілерге байланысты екенін атап өтті.

 

Қай қызметте, қай лауазымда, қандай жағдайда болса да халықтың, еліміздің азаматтарының сенімін жоғалтпай қызмет атқаруы қажеттігін және Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері әділдіктің, кішіпейілдіктің үлгісі болып адамдар арасында өзін тәрбиелі ұстай білу керектігін айтты.

 

Құқықтық   және   әкімшілік   жұмыс  бөлімінің басшысы Г.М. Сакбелова

 

2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс – шаралар жоспары негізінде атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды.

 

2015 жылғы 18 қарашадағы №410 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Занының  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің   2015  жылғы 29  желтоқсандағы № 153 Жарлығымен  бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары)» талаптарын сақтай отырып, мамандарға өз лауазымдық міндеттерін адал атқару қажеттігін айтты.

 

Басшының орынбасары Х.Т. Петралиев  мемлекеттік қызметтің басты міндеті – халыққа адал қызмет ету, қажет жағдайда өз мүддесінен ел мүддесін әркез жоғары қою керектігін айтты.

 

Әрбір азамат, әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуі керек, өйткені адал қызмет ету- баршамыздың басты міндетіміз. Атақты Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел, ел болмайды, тәртіпке бас иген ер құл болмайды» дегендей, бәріміз тәртіпке бағына білейік, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бәріміз бір кісідей ат салысайық, -деп өз сөзін қорытындылады.

Пост опубликован: 15 декабря 2016