Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған іс-шаралар

«Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет (2017 жылғы 01 шілдедегі жағдайына)

 

Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясында басшының міндетін атқарушының 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары (әрі қарай-Жоспар) негізінде жұмыстар атқарылуда.
Бірінші басшы мен бөлім басшылары арасында екі жақты келісімге қол қойылған, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарын сақтау туралы әр маманмен міндеттемелер қабылданған.
Инспекцияда және жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінде Көлік комитетінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының сенім телефондары ілінген.
Жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінде аудио-видео бақылау орнатылған және видео материалдар Ахуалдық орталыққа онлайн режимінде жөнелтіледі.
Инспекцияның апталық жиналысында Инспекция басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ескертіп және атқарған жұмыстарға талдау жасайды, бөлімдерде және жылжымалы бекеттер мамандарымен апталық жиналыстарды және күнделікті нұсқаулық өткізіп, тұрақты түрде түсіндіру, алдын-алу жұмыстары жүргізіледі.
Жылжымалы көліктік бақылау посты жұмыстары жеке қатаң қадағалануда, Заң бұзушылықтың алдын алу бойынша тұрақты түрде қызметкерлермен профилактикалық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Инспекция қызметкерлерімен мүлік және табыстары туралы декларациялар уақтылы тапсырылуда. Барлық жұмысқа қабылданған қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шаралары жүргізіледі.
Бекітілген кестеге сәйкес Инспекция басшылығымен азаматтарды қабылдау жүргізіледі. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында белгіленген мерзімде заңды және жеке тұлғалардың арыздары, өтініштері уақытылы қаралады және нақты дәлелді жауап беріледі.
Мамандардың жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында Инспекциямен «Нұр-Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасалды және Инспекцияның 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес 6 семинар:
«Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары)» талаптарын орындау», «Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет», «Жемқорлық-қоғамдағы кесел», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыптарында мамандармен өткізілді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Нұр-Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары», «Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу» тақырыптарында семинарлар өткізілді.
2017 жылғы 5 мамырда Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы мен бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен, Алматы қаласының Ақын Сара көшесінің бойынша автокөлік жолдарында тасымалдаушылармен көлік бақылауына қатысты сұрақтар бойынша «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілді, акция барысында тасымалдаушылардың көкейінде жүрген өзекті мәселелері бойынша заңнамалық актілер негізінде тиісті жауаптар берілді.

Пост опубликован: 27 июня 2017