Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылғы 14 шілдеде Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясында 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жоспары бойынша «Қызметтік этика қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметтердің сапасы, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігі бойынша қоғамдық бақылаудың жүйесі» – атты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің  қатысуымен дөңгелек үстел  өткізілді.  

Инспекция басшысының орынбасары Х. Петралиев басшының 2017 жылғы 05 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспары  негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып отырған іс-шараларға тоқталып өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары,  регламенттері  және Ережелері талаптарына сай мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етіліп, мамандармен контакт болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтерді беру электронды түрге көшірілгенін, Инспекция ғимаратында кеңесші қызмет көрсететінін және аудио, бейне құрылғыларымен жабдықталған арнайы қабылдау бөлмесінде келушілерді қабылдау жүргізілетінін айтты.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің Штаб (басқарма) ұйымдастыру-талдау бөлімінің офицері Н.А. Мекешов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаттарына, яғни мақсат сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес оның алдын-алу және болдырмауды ескерту болып табылатынын айтты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу өз нәтижесін бермегенде сыбайлас жемқорлық салдарымен күрес жүргізілетінін айтты. Инспекцияның бұрынғы мамандары М. Амирбеков пен Б. Жакиянов бойынша қозғалған іске тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен атқарылып отырған іс-шараларға, ашық және жасырын тергеу әрекеттері жүргізілетініне, сыбайлас жемқорлық пара алу мен пара берумен шектелмейтінін, мемлекеттік қызметтер көрсетуде деректер базасына бұрмаланған ақпараттар енгізу де сыбайлас жемқорлық әрекеті болатынына айтып, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігне тоқтала келе,  сонымен қатар, кінәліні ұстаған кезде заттай дәлелдеме (ақшалай немесе т.б.) міндетті емес екенін ескертті.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің агенттігінің  Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Р. Паркентұлы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының,  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025  жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығының талаптарын түсіндіріп өтті.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  қалыптастыру өзекті екенін айта келе, өкініш пен қайғының орын алмауына шаралар қолданылатынын ескертті, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуды мемлекеттік қызметке адал қызмет ету, жұмысты нақты, өз бағытымен жасау керектігін айтып, Қазақстан Республикасынында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша дайындалған бейне жазбаны мамандардың назарына ұсынды.

Х. Петралиев –басшының орынбасары қорыта келе, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының және  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі»  талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшінің беделін арттыруға әр мемлекеттік қызметші өз үлесін қосып, адал еңбек ету басты мақсат екенін айтты.

Пост опубликован: 19 июля 2017