«Нұр Отан» партиясы өкілінің қатысуымен семинар өткізілді

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 07 ақпанында Инспекцияның ғимаратында  Алматы қаласы Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық саяси кеңесінің мүшесі Р. Т. Закировтың және «ӘКК ҰҚ» АО мүшесі С.К. Батырханның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес жолдары» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдер, шектеулер мен стандарттар, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін қолданылатын жаза түрлері түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам қарым-қатынасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы азаматтарды үнемі хабардар ету сұрақтары қозғалды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша «Нұр Отан» партиясының өкілі сөз сөйледі. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызмет мемлекет және қоғам тарапынан ерекше сенім білдіретіндігін және мемлекеттік органдар қызметіне бақылауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтауға лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігін атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылармен сұрақтар қойылып, барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Пост опубликован: 8 февраля 2018