Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында теміржол вокзалдарының аумағында жол жүру құжаттарын (билеттерін) заңсыз сатуға (қайта сатуға) қатысты шағымдар фактілері жариялануда.

Осыған байланысты, а.ж. 05 маусымында Алматы-1 вокзалынының ғимаратындатеміржол вокзалдарының аумағында жол жүру құжаттарын (билеттерін) заңсыз сатуға (қайта сатуға) бақылауды күшейту мақсатында, Алматы-1 ст. Желілік полиция басқармасы қызметкерлерімен, «Алматыэлектркөлік» ЖШС вокзал шаруашылығы және көлік хабы департаменті қызметкерлерімен, «ҚТЖ ҰК» АҚ Алматы магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлерімен және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» аймақтық филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларының талаптарын және Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру қағидаларын сақтамау фактілерінің алдын алу бөлігінде, теміржол вокзалының аумағында жол жүру билеттерін (құжаттарын) заңсыз сатып алу және қайта сату фактілерінің жолын кесу жөнінде “дөңгелек үстел” өткізіліп, Қазақстан Республикасы аумағында қатынайтын жолаушылар пойыздарының қызмет сапасына, рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруға, жолаушылар пойыздарына билет сату бойынша алып-сатарлардың жұмысына тосқауыл қоюға аса назар аударылып, бірқатар мәселелер қаралды.

Пост опубликован: 27 июня 2023