«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын» өткізу

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2021 жылғы 7 сәуірде бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» 2-бабының 11-тармағын орындау мақсатында, сонымен қатар,  № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытта көзделген міндеттерді іске асыру үшін 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес, Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысы С. Әбдікәрімұлының бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобы құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобы 2023 жылғы 1 жартыжылға талдау жүгізеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобы «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ қызметі бойынша талдау нәтижелері туралы Аналитикалық ақпаратты а.ж. 21 шілдеде ұсынады.

Пост опубликован: 21 июня 2023